Саясат
Қазақстан даму деңгейі жоғары елдер қатарында

Қазақстан даму деңгейі жоғарғы елдер тізіміне енді. БҰҰ Даму бағдарламасының адам әлеуеті туралы баяндамасында еліміз 58 орынға жайғасқан. Бас-аяғы 189 мемлекет енген рейтингті Норвегия, Швейцария, Австралия, Ирландия және Германия бастап тұр. Алпауыт АҚШ 13-ші, Ресей 49-шы тұғырда. Мемлекеттердің рейтингтегі орнына азаматтардың өмір сүру ұзақтығы, білім беру уақыты, халықтың жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс көрсеткіштері назарға алынған. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік қорғалуы туралы деректер, денсаулық сақтау және мәдени даму көрсеткіштері ескерілді.