Астанада өткен «Алаш мұраты және рухани жаңғыру» атты жиында отандық ғалымдар бас қосты

Алашорда тарихы жеке салалар бойынша жан-жақты зерттелуде. Кейін бұл зерттеулердің бәрі қазақ халқының рухани болмысын сипаттайтын ауқымды жинаққа топтастырылады. Бұл туралы Астанада өткен «Алаш мұраты және рухани жаңғыру» атты жиында сөз болды. Қатысушылар қазіргі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы кезіндегі Алаштың негізгі ұстанымдарымен тығыз сабақтас деп отыр. Конференцияда белгілі алаштанушылар, ғалымдар мен қаламгерлер бас қосты. Жиында Алаштың 100 жылдығына арналған ғылыми жинақ таныстырылды.

ШӘКІР ЫБЫРАЙ, ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Алаш арыстарының рухани мәселедегі орнын жинақтау үшін бас қосып отырмыз. Шынында да, айтатын үлкен мәселелер бар. Алаш азаматтары қазақ мемлекеттілігінің болашағы, жалпы әлемдік кеңістікте алатын орны, рухани болмысы қандай болу керек деген мәселеге жан-жақты ойланған. Көптеген ойларын, пікірлерін қалдырған. 


×