Австриялық компаниялар Қазақстан экономикасына инвестиция құюға мүдделі

Австрия Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік және экономикалық реформаларды қолдайды және шикізат емес секторға инвестиция салуға мүдделі. Сондай-ақ олар  «Астана» халықаралық қаржы орталығының дамуы мен ЕХРО 2017 базасында құрылатын «IT-стартаптар», «Жасыл» технология және инвестициялық жобалар орталығына ерекше қызығушылығын танытып отыр.  Бұл туралы еліміздің Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахмановпен кездесуде Австрия экономикалық палатасының вице-президенті Рихард Шенц мәлім етті. Сондай-ақ қазақстандық министр президент Александр Ван дер БЕлленмен жүздесті. Австрия басшысы Қазақстанды «Астана Экспо-2017» көрмесін жемісті өткізуімен құттықтады. Сонымен қатар, Республикамыздың Сириядағы қақтығысты шешу мен басқа да бітімгерлік әрекетін жоғары бағалады. Әсіресе, Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем құруға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Кездесу барысында екі елдің халықаралық ұйымдардағы өзара әрекеттесітігі мен Қазақстанның ЕуроОдақпен ынтымақтастығы талқыланды. Австрия басшысы транзиттік-көліктік, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.


×