Ораза айт намазы көне шаһар - Сарайшықта оқылды

Ораза айт намазы көне шаһар - Сарайшықта оқылды

Айлардың сұлтаны, қасиетті Рамазан айынан кейін келетін Ораза айт намазын Атырау жұрты Сарайшықта оқыды. Қазақ хандығының астанасы болған көне шаһардың орнында бүгінде «Хан ордалы Сарайшық» атты мұражай қорық бар. Алдымен ауыл имамы уағыз айтып, елді береке-бірлікке шақырды. Айрандай ұйып, намазға жиналғандардың қатарында жастар да көп.

 

Жайлыбек-ҚАЖЫ МАХМЕДИҰЛЫ, «САРАЙШЫҚ» АУЫЛЫНЫҢ ИМАМЫ

Мешіт деген тек құлшылық орны емес. Ол жастарған тәрибе орны болып келеді. Жастарамыз ай сайын осы мешітке келіп, қатарымыз кеңеюде. Әр намаз айын еліміз тыныш болып, халқымыз аман болсын жастарымызға Алла қайырлы ғұмыр берсін деп дұға қыламыз.

 

Заманында Қасым хан қазақ Ордасының туын тігіп астана атандырған Сарайшықтың тарихы әріден басталады. Тоғыз жолдың торабында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне шаһар, қазақ даласына ислам дінінің қанат жаюына да ерекше ықпал еткен,-дейді тарихшылар.  

 

Молдаш БЕРДІМҰРАТОВ, «ХАН ОРДАЛЫ САРАЙШЫҚ» МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

1261 жылы Бату Сарайшықта мұсылмандықты қабылдаған. Келер жылы осы арадағы халықтардың барлығына мұсылмандықты қабылдаттырып, мешіт салдырған.   Сарайшықтың намаздың қасиетті жері деп аталуы осыған байланысты айтылған.

 

 

 

Сурет: yvision.kz


×