Еуразия ұлттық университеті әлемнің 400 жетекші ЖОО қатарына енді

Еуразия ұлттық университеті әлемнің 400 жетекші ЖОО қатарына енді

Еуразия ұлттық университеті әлемнің 400 жетекші ЖОО қатарына енді. Еліміздің іргелі оқу мекемесінің 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында «QS World University Ranking» рейтинг агенттігінің соңғы оқу жылының қорытындысы жарияланды. Жалпы, халықаралық ұйымның сын садағына  Жер шарындағы 17 мыңға тарта  кәсіби  білім ордалары іліккен.

 

Нунцио КУАКУАРЕЛЛИ, «QS WORLD UNIVERSITY RANKING» РЕЙТИНГ АГЕНТТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бағалау барысында  зерттеу қызметі мен білім беру үрдісі сараланды. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің пікірі және озық үлгідегі жаңашылдықтарды ендіру деңгейі де ескерілді. Бұл көрсеткіштер жағынан Еуразия ұлттық университеті ТМД елдеріндегі ЖОО арасында көш бастап келеді. 

 

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова салтанатты шараға қатысып, елбасының құттықтау хатын оқып берді. Бүгінде Еуразия ұлттық университетінің студенттері 168 мамандық бойынша кәсіп меңгеріп жатыр. Оқытушылардың 87 пайызын ғылыми санаттағы білікті тәлім берушілер құрайды. Университет әлемнің үздік деген 258 жоғары оқу орнымен  ынтымақтастық жөніндегі келісім жасасыпты.

 

Ерлан СЫДЫҚОВ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

45 мыңдай түлек Қазақстанға ғана емес, шет елдерде қызмет істеп жатыр. Олар оқуын жақсы бітіріп, табысты еңбек етуде. Оны біз жыл сайын жұмыс берушілерден біліп отырамыз. Қазақстанға 31 мың грант берілетін болса, соның 15 пайызы Еуразия университетін таңдайды.

 

 

 

Сурет: info-tses.kz


×