Цифрландырудың арқасында Қазақстан жылына 25 миллион тонна астық жинайтын болады

Цифрландырудың арқасында Қазақстан жылына 25 миллион тонна астық жинайтын болады

Қазақстанның егінді алқаптарынан жылына 25 млн тоннаға дейін астық жиналатын болады. Бұндай мол түсімге еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін цифрландырудың арқасында қол жеткізілмек. Үкіметтің кезекті отырысында саланы сандық үлгіде жаңғыртудың шарапаты жайында ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров баяндады.

Өсімдік шаруашылығына заманауи технологияларды ендіру ең алдымен тәуекелдерді төмендетуге, климаттың өзгеруіне бейімделуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін, жануарлардың өнімділігін арттыруға, агроәдістерді уақытылы жоспарауға мүмкіндік береді, дейді ведомство басшысы.

Осыған қатысты Премьер-Министр Асқар Мамин саланың еңбек өнімділігін 2,5 есе, ал өнім экспортын 2 есе ұлғайтуды тапсырды. Бұл орайда алдағы 5 жылдың ішінде 100 миллион гектардан астам жер цифрландырудан өткізіледі. Оған мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 50 млрд теңге инвестиция құйылмақ.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы цифрландыру жиналатын астық пен мал шаруашылығы өнімін 20% дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал фермерлердің шығыны 15% қысқарады. Жалпы алдағы уақытта астық жинау саласын цифрландыру өнімнің түсімін жылына 25 млн тоннаға дейін ұлғайтады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: nart.ru


×