Коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің 48% Қазақстанда өндіріледі

Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің 48% өндіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады. Жергілікті дәрі-дәрмек өндірушілерді қолдайтын басты шара - олармен 10 жылға дейінгі ұзақ мерзімді келісімшарттар бекіту.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

 - 2009-2020 жылдар кезеңінде бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 атауын жеткізу үшін 88 ұзақ мерзімді шарт жасалды. 10 жыл ішінде Отандық тауар өндірушілер тауары 312,4 млрд теңгеден астам сомаға сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын көлемнің 30% отандық тауар өндірушілерден алады. COVID-19 дәрі-дәрмегінің 48% ел ішінде өндіріледі.

Сондай-ақ, министр елімізде коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындық мақсатында дәрі-дәрмек қоры құрылып жатқанын атап өтті. Қоймаларда дәрілік заттардың азаймайтын екі айлық қоры жасақталып жатыр. COVID-19-ды емдеу бойынша 8,2 млрд теңгеге сұраныстағы 44 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынбақ. Бұл дәрілер ай сайын шамамен 60 000 науқасты стационарда емдеуге мүмкіндік береді.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

 - COVID-19 бойынша дәрілік заттардың екі айлық қоры Бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталады. 2020 жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша 37 дәрі-дәмек 5,92 млрд теңгеге сатып алынды.

 

Фото: coronavirus2020.kz


×