Қазақстанда келер жылдан коронавирусқа қарсы вакцина шығарыла бастайды

Қазақстанда келер жылдан коронавирусқа қарсы вакцина шығарыла бастайды

Қазақстанның Жамбыл облысында үстіміздегі айда коронавирусты анықтауға арналған экспресс-тест өндірісі іске қосылады. Жеке инвестициялық  жоба құны 2 млрд теңгеден асып жығылады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңір жетекшісі Бердібек Сапарбаев қатерлі індетке қарсы қолға алынған шаралар жайында мәлімдеді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыт салынып жатқанын хабарлады. Құрылыс жұмыстары мен екпенің өндірісін жолға қоюға 7 млрд теңге бағытталған. Жаңа өндіріс орны биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының базасында пайда болмақ. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Олар қазір бруцеллезге, дерматитке, құс тұмауына байланысты вакцина шығарады. Қазір енді ол жерде жаңа зауыт бой көтеруде. Ол зауыт кем дегенде 30 миллионнан 60 миллион дозаға дейін коронавирусқа қарсы вакцина шығарады. Жоспар бойынша осы жылдың аяғында зауыт іске қосылмақ. Келесі жылы наурыз айында вакцина шығарады. Үкіметтің көмегі мен қолдауы бар. Сонда жұмыс істейтін қызметкерлерді қолдау үшін ол жерде тұрғын үй салынып жатыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

 

Фото: gmpnews.ru


×