116 400-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

116 400-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 274 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 116 461 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 794  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 131 659.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 16043 (+54)

Алматы қаласы - 16103 (+70)

Шымкент қаласы - 5365 (+4)

Ақмола облысы - 5163 (+91)

Ақтөбе облысы - 3484 (+3)

Алматы облысы - 5714 (+32)

Атырау облысы - 11633 (+17)

Шығыс Қазақстан облысы - 16316 (+125)

Жамбыл облысы - 4422 (+11)

Батыс Қазақстан облысы - 8038 (+44)

Қарағанды облысы - 11102 (+25)

Қостанай облысы - 5299 (+87)

Қызылорда облысы - 3290

Маңғыстау облысы - 3435 (+1)

Павлодар облысы - 6375 (+121)

Солтүстік Қазақстан облысы - 6399 (+108)

Түркістан облысы - 3478 (+1)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 43 жағдайы тіркелді. Оған қоса 41 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 42 147, 443 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  30 535 жетті.

 

Фото: rg.ru


×