Жүрекке инновациялық операция жасалды

Бүгін Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында  жүрекке инновациялық-хурургиялық операция  жасалды. Жүрегі кенеттен тоқтап қалу жоғары науқасқа теріасты кардиовертер-дефибриллятор құралы орнатылды. Теріастына орнатылған кардиовертер-дефибрилятор жүрегі ауыратын адамның жүрек қан-тамырларын жақсартуға, өмір сүру мерзімін ұзартуға көмектеседі.

Роин Реквава, кардиология және ішкі аурулар ғзи аритмологы:

- Теріасты кардиовертер-дефибрилляторды импланттау арнайы әзірленген әдіс бойынша жүзеге асырылады. Бұл қондырғы жүрек жұмысының қалыпты болуын қадағалап, ағзадағы асқынуларды азайту үшін орнатылады.Жалпы адам ағзасына ешқандай зияны жоқ. Тек науқас өзінің денсаулығына мұқият болып, дәрігердің кеңесін естен шағармауы қажет. Осындай операцияға түскен науқас, толық ем алған соң екі жетіден соң ауруханадан шығарылады.

Осындай инновациялық операция үш науқасқа жасалды. Жүректің қызметін қадағалайтын әрі зерттейтін арнайы құрылғы – програматор сынақтан сәтті өтті. Соның көмегімен енді жас мамандар да жаңаша емдеуді үйренеді. 

Клиникалық-тәжірибеге теріасты кардиовертер-дефибрилляторды енгізу операциядан кейінгі асқынулардың санын азайтуға және науқастың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Операция  арнайы квота арқылы мемлекет есебінен жасалады.

 

Фото: internist.ru


×