112 800-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

112 800-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 840 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 113 646 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 678 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 126 860.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей: 

Нұр-Сұлтан қаласы - 15635 (+25)
Алматы қаласы - 15682 (+46)
Шымкент қаласы - 5331 (+1)
Ақмола облысы - 4692 (+68)
Ақтөбе облысы - 3456 (+8)
Алматы облысы - 5553 (+20)
Атырау облысы - 11549 (+11)
Шығыс Қазақстан облысы - 15417 (+154)
Жамбыл облысы - 4338 (+14)
Батыс Қазақстан облысы - 7805 (+33)
Қарағанды облысы - 10972 (+15)
Қостанай облысы - 4846 (+70)
Қызылорда облысы - 3285
Маңғыстау облысы - 3426
Павлодар облысы - 5688 (+108)
Солтүстік Қазақстан облысы - 5724 (+105)
Түркістан облысы – 3461.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 20 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 41 223, 428 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  30 116 жетті.

 

Фото: 1tvsamara.ru


×