ҚР ДСМ: инфекцияға шалдыққан 220 науқастың жағдайы мүшкіл

ҚР ДСМ: инфекцияға шалдыққан 220 науқастың жағдайы мүшкіл

Қазақстанда инфекцияға шалдыққан науқастардың 220-сының жағдайы мүшкіл. Ал, 26 науқастың халі мүлдем ауыр. 21 науқас тыныс алу аппаратына қосылған. Жалпы алғанда, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, республикада 10 435 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 480-ден астамы балалар.

Сонымен қатар, елде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны күрт асты. Өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 791 COVID-19 науқас анықталды. Вирусты жұқтыру бойынша әлі де Шығыс Қазақстан облысы көшбастап тұр. Одан кейін Алматы қаласында 91 және Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 85 жағдайдан анықталған.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 123 888.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 15448 (+53)

Алматы қаласы - 15458 (+91)

Шымкент қаласы - 5315 (+5)

Ақмола облысы - 4448 (+48)

Ақтөбе облысы - 3431 (+4)

Алматы облысы - 5473 (+25)

Атырау облысы - 11496 (+19)

Шығыс Қазақстан облысы - 14650 (+242)

Жамбыл облысы - 4293 (+11)

Батыс Қазақстан облысы - 7643 (+39)

Қарағанды облысы - 10899 (+20)

Қостанай облысы - 4552 (+63)

Қызылорда облысы - 3274

Маңғыстау облысы - 3420

Павлодар облысы - 5294 (+85)

Солтүстік Қазақстан облысы - 5345 (+85)

Түркістан облысы - 3449 (+1).

Сондай-ақ, коронавирус індетінен айыққандар қатары да артып келеді. Бүгінде қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 111 483 адамға жетті.

 

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz


×