111 мың 500-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

111 мың 500-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 311 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 111 483 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 791 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 123 888.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 15448 (+53)

Алматы қаласы - 15458 (+91)

Шымкент қаласы - 5315 (+5)

Ақмола облысы - 4448 (+48)

Ақтөбе облысы - 3431 (+4)

Алматы облысы - 5473 (+25)

Атырау облысы - 11496 (+19)

Шығыс Қазақстан облысы - 14650 (+242)

Жамбыл облысы - 4293 (+11)

Батыс Қазақстан облысы - 7643 (+39)

Қарағанды облысы - 10899 (+20)

Қостанай облысы - 4552 (+63)

Қызылорда облысы - 3274

Маңғыстау облысы - 3420

Павлодар облысы - 5294 (+85)

Солтүстік Қазақстан облысы - 5345 (+85)

Түркістан облысы - 3449 (+1).

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 158 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 55 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 40 848, 424 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 869 жетті.

 

Фото: zhodinonews.by


×