111 мың 200-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

111 мың 200-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 337 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 111 172 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 762 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 123 097.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 15395 (+81)

Алматы қаласы - 15367 (+43)

Шымкент қаласы - 5310 (+7)

Ақмола облысы - 4400 (+42)

Ақтөбе облысы - 3427 (+4)

Алматы облысы - 5448 (+33)

Атырау облысы - 11477 (+17)

Шығыс Қазақстан облысы - 14408 (+252)

Жамбыл облысы - 4282 (+10)

Батыс Қазақстан облысы - 7604 (+40)

Қарағанды облысы - 10879 (+20)

Қостанай облысы - 4489 (+60)

Қызылорда облысы - 3274 (+5)

Маңғыстау облысы - 3420 (+2)

Павлодар облысы - 5209 (+65)

Солтүстік Қазақстан облысы - 5260 (+79)

Түркістан облысы - 3448 (+2).

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 202 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 95 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 40 690, 423 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 814 жетті.

 

Фото: ekaraganda.kz


×