110 мың 800-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

110 мың 800-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 453 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 110 835 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 682 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 122 335.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 15314 (+79)

Алматы қаласы - 15324 (+35)

Шымкент қаласы - 5303 (+6)

Ақмола облысы - 4358 (+41)

Ақтөбе облысы - 3423 (+3)

Алматы облысы - 5415 (+17)

Атырау облысы - 11460 (+11)

Шығыс Қазақстан облысы - 14156 (+230)

Жамбыл облысы - 4272 (+8)

Батыс Қазақстан облысы - 7564 (+37)

Қарағанды облысы - 10859 (+18)

Қостанай облысы - 4429 (+58)

Қызылорда облысы - 3269

Маңғыстау облысы - 3418 (+2)

Павлодар облысы - 5144 (+61)

Солтүстік Қазақстан облысы - 5181 (+74)

Түркістан облысы - 3446 (+2).

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 268 жағдайы тіркелді. Оған қоса 85 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 40 488, 421 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 719 жетті.

 

Фото: tvsamara.ru


×