110 мың 400-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

110 мың 400-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 438 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 110 382 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 602 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 121 653.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 15235 (+33)

Алматы қаласы - 15289 (+36)

Шымкент қаласы - 5297 (+5)

Ақмола облысы - 4317 (+33)

Ақтөбе облысы - 3420 (+8)

Алматы облысы - 5398 (+24)

Атырау облысы - 11449 (+14)

Шығыс Қазақстан облысы - 13926 (+221)

Жамбыл облысы - 4264 (+6)

Батыс Қазақстан облысы - 7527 (+28)

Қарағанды облысы - 10841 (+20)

Қостанай облысы - 4371 (+57)

Қызылорда облысы - 3269 (+1)

Маңғыстау облысы - 3416

Павлодар облысы - 5083 (+50)

Солтүстік Қазақстан облысы - 5107 (+61)

Түркістан облысы - 3444 (+5).

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 23 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 54 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 40 220, 421 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 634 жетті.

 

Фото: lada.kz


×