110 мыңға жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

110 мыңға жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 301 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 109 944 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 588 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 121 051.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 15202 (+44)

Алматы қаласы - 15253 (+42)

Шымкент қаласы - 5292

Ақмола облысы - 4284 (+35)

Ақтөбе облысы - 3412 (+7)

Алматы облысы - 5374 (+25)

Атырау облысы - 11435 (+14)

Шығыс Қазақстан облысы - 13705 (+197)

Жамбыл облысы - 4258 (+5)

Батыс Қазақстан облысы - 7499 (+42)

Қарағанды облысы - 10821 (+17)

Қостанай облысы - 4314 (+51)

Қызылорда облысы - 3268

Маңғыстау облысы - 3416

Павлодар облысы - 5033 (+49)

Солтүстік Қазақстан облысы - 5046 (+57)

Түркістан облысы - 3439 (+3)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 48 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 24 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 40 197, 420 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 580 жетті.

 

Фото: tv8.md


×