109 мыңға жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

109 мыңға жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 326 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 108 958 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 638 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 119 129.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 15024 (+51)

Алматы қаласы - 15089 (+39)

Шымкент қаласы - 5282 (+4)

Ақмола облысы - 4180 (+37)

Ақтөбе облысы - 3395 (+10)

Алматы облысы - 5301 (+16)

Атырау облысы - 11397 (+12)

Шығыс Қазақстан облысы - 13024 (+261)

Жамбыл облысы - 4243 (+7)

Батыс Қазақстан облысы - 7382 (+30)

Қарағанды облысы - 10770 (+17)

Қостанай облысы - 4159 (+53)

Қызылорда облысы - 3266 (+2)

Маңғыстау облысы - 3414 (+3)

Павлодар облысы - 4885 (+49)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4884 (+43)

Түркістан облысы - 3434 (+4)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 179 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 39 724, 415 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29416 жетті.

 

Фото: sputnik.kg


×