Қазақстан және Ресей Президенттері Қазақстанда бірлескен вакциналар шығару мәселесін талқылады

Қазақстан және Ресей Президенттері Қазақстанда бірлескен вакциналар шығару мәселесін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстанда бірлескен Қазақстанда бірлескен вакциналар шығару мәселесін талқылады. Мемлекет басшыларының телефон арқылы әңгімесінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде коронавирус пандемиясымен бірлескен күрес тақырыбына көңіл бөлінді.

Сондай-ақ тараптар Шанхай ынтымақтастығына мүше елдер мемлекет басшылары отырысының қорытындысы мен Таулы Қарабахтағы соңғы жағдайларды  талқылады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның қақтығыс аймағындағы соғысты және барлық әскери қимылдарды тоқтау туралы келісімге келуінде Ресейдің, соның ішінде, Владимир Путиннің ара-ағайындық қызметін жоғары бағалады.

«Ресейдің белсенді араласуымен осыған дейінгі ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардың бір бітімге келуін қамтамасыз ететін Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы жасалған келісімнің маңызы зор. Мүдделі тараптар Бірлескен мәлімдеменің шарттарын сақтайды деп үміттенемін», – деп атап өтті  Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Фото: akorda.kz


×