108 мың 600-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

108 мың 600-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 245 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 108 632 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 587 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 118 491.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14973 (+47)

Алматы қаласы - 15050 (+30)

Шымкент қаласы - 5278 (+8)

Ақмола облысы - 4143 (+39)

Ақтөбе облысы - 3385 (+8)

Алматы облысы - 5285 (+16)

Атырау облысы - 11385 (+12)

Шығыс Қазақстан облысы - 12763 (+231)

Жамбыл облысы - 4236 (+6)

Батыс Қазақстан облысы - 7352 (+28)

Қарағанды облысы - 10753 (+16)

Қостанай облысы - 4106 (+57)

Қызылорда облысы - 3264 (+2)

Маңғыстау облысы - 3411 (+1)

Павлодар облысы - 4836 (+49)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4841 (+35)

Түркістан облысы - 3430 (+2)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 188 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 39 545, 412 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 351 жетті.

 

Фото: tengrinews.kz


×