Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 118 мыңға жуықтап қалды

Эпидемиологиялық  ахуалдың нашарлауына байланысты Ақмола облысында шектеу шаралары күшейтілді. 13 қарашадан бастап Көкшетауға сырттан келетін азаматтар ПТР анықтамасымен ғана кіре алады. Анықтама соңғы 3 күн ішінде алынған болуы тиісті. Бұл туралы  аймақтың бас санитар дәрігері карантин талаптарын күшейту жайлы жаңа қаулысында бекітілген. Оған сәйкес,  көкшетаулықтардың қала ішінде кешкі 21:00-ден таңғы 6-ға дейін жүріп-тұруына шектеу қойылды. Ал, аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орындары демалыс күндері жұмыс істемейді. Сонымен қатар аймақта маска тағу мен көпшілік қатысатын шараларға тыйым күшінде қалады.

АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ

 - Көкшетаудан басқа елді мекендерде адамдардың жүріп-тұруына 23:00-ден 6:00 арасында шектеледі. Ал, жасы 65-тен асқан кісілерге сыртқа себепсіз шығуға болмайды. Сондай-ақ, көпшілік іс-шараларын өткізуге салынған тыйым сақталады.

Ал 12 қарашадан бастап саитарлық бекеттер Қостанай облысының аумағында қойылады. Аймақта карантиндік режим ғана емес, мониторингтік топтардың жұмысын күшейту жоспарланған. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысында белгілі болды.

Бұған қоса қатаң карантин 25 қарашаға дейін Шығыс Қазақстан облысында  енгізілді. Өңірде 15 санитарлық бекет сыртқы аумақтардан кіру шығу барысын тексеріп, жұмыс істеп тұр.  

Айта кетейік, өткен тәулікте , коронавирус инфекциясының жаңа  568 жағдайы расталды. Ең көп жұқтырғандар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Ақмола облысы бойынша тіркелді.

Графика:

Алматы қаласында - 15020(+30),

Нұр-Сұлтан қаласында -14926(+37),

Шығыс Қазақстан облысында - 12532 (+237),

Атырау облысында - 11373(+7),

Қарағанды облысында - 10737(+12),

Батыс Қазақстан облысында - 7324(+24),

Шымкент қаласында -5270(+3),

Алматы облысында - 5269(+14),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4806(+30),

Павлодар облысында - 4787(+52),

Жамбыл облысында - 4230(+5),

Ақмола облысында - 4104(+45),

Қостанай облысында - 4049(+61),

Түркістан облысында - 3428(+2),

Маңғыстау облысында - 3410(+2),

Ақтөбе облысында -3377(+7),

Қызылорда облысында -3262(+0).

Айта кетейік, COVID- 19 жұқтырғандар саны 118 мыңға жуықтап қалды.

 

Фото: finance.kz


×