108 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

108 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 326 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 108 169 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 564 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 117 336.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14889 (+22)

Алматы қаласы - 14990 (+24)

Шымкент қаласы - 5267 (+1)

Ақмола облысы - 4059 (+44)

Ақтөбе облысы - 3370 (+2)

Алматы облысы - 5255 (+17)

Атырау облысы - 11366 (+7)

Шығыс Қазақстан облысы - 12295 (+245)

Жамбыл облысы - 4225 (+5)

Батыс Қазақстан облысы - 7300 (+26)

Қарағанды облысы - 10725 (+14)

Қостанай облысы - 3988 (+63)

Қызылорда облысы - 3262

Маңғыстау облысы - 3408

Павлодар облысы - 4735 (+47)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4776 (+46)

Түркістан облысы - 3426 (+1)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 11 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 21 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 39 115, 410 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 203 жетті.

 

Фото: astrakhan.su


×