Елордада коронавирус қайта өршіп барады

Елордада коронавирус қайта өршіп барады

Елордада коронавирус инфекциясына шалдыққандар қатары артып келеді. Соңғы аптада қатерлі індетті жұқтыру көрсеткіші 30 процентке өскен. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді. Оның айтуынша, дертке шалдығушылардың өсімі бір ай көлемінде тоқтамай тұр. Бәсеңдемеудің басты гәбі тұрғындардың қарапайым сақтық шараларын ескермеуінде, дейді маман.  COVID-19 жұқтырған адамдардың басым бөлігі - 40 жастан асқандар. Мектеп жасындағы балалар арасында да инфекцияға шалдығу жағдайлары көбейген. Жаңа оқу жылы басталғалы 47 оқушыда вирус дерегі қуатталған. Сондықтан карантиндік шектеу шараларын жеңілдету әлі ерте, дейді маман.

ЖАННА ПІРӘЛИЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

 - 2020 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша,  коронавирус инфекциясын жұқтырудың 14 709 оқиғасы тіркелген, (оның ішінде 9 030-ы симптоммен және 5 679-ы симптомсыз). Қалада сырқаттанушылық көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен 2,1 есе жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 1 273 жағдайды құрады. 14 709 жағдайдың 200-і сырттан әкелінген, 10 523-і – жергілікті, 3 986-сы –байланыста болған адамдар. Барлығы 18 774 байланыста болған адам анықталды, бүгінгі күні 17 766 адам карантиннен шығарылды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: kapital.kz


×