107 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

107 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 246 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 107 139 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 494 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 114 235.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14710 (+35)

Алматы қаласы - 14850 (+25)

Шымкент қаласы - 5249 (+8)

Ақмола облысы - 3862 (+29)

Ақтөбе облысы - 3341 (+6)

Алматы облысы - 5195 (+7)

Атырау облысы - 11326 (+8)

Шығыс Қазақстан облысы - 10940 (+222)

Жамбыл облысы - 4203 (+4)

Батыс Қазақстан облысы - 7093 (+29)

Қарағанды облысы - 10642 (+20)

Қостанай облысы - 3704 (+18)

Қызылорда облысы - 3262

Маңғыстау облысы - 3405

Павлодар облысы - 4432 (+50)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4602 (+32)

Түркістан облысы - 3419 (+1)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 209 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 69  адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 38 490, 406 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28963 жетті.

 

Фото: slovoidilo.ua


×