Коронавирус және жүктілік: маман кеңесі

Коронавирус және жүктілік: маман кеңесі

Созылмалы аурулары бар адамдар, кішкентай балалар мен егде жастағы азаматтар. Коронавирус инфекциясы осыларда өте ауыр өтуі мүмкін. Сонымен қатар, мамандар қауіп тобына жүкті әйелдерді де жатқызады. Себебі аяғы ауыр әйелдің ағзасы онсыз да әлсіз келеді, ал вирусты жұқтыру оп-оңай. Сондықтан имуннитетті көтеруге ерекше мән берген жөн. Салауатты өмір салтының қағидаларын ұстанып, тынығу мен тамақтануға назар аудару қажет, дейді дәрігерлер. Жүктілік кезінде коронавирус жұқтырса, ол пациент ерекше бақылауға алынады. Оның өз себептері бар.

ЖҰПАР НАХАНОВА, ЖОҒАРҒЫ САНАТТАҒЫ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ:

 - Егер үш айға дейінгі мерзімде болса, бұрын айтып жүрген жұқпалы инфекцияларды айтамыз. Үш айға дейін болса ол әсер етуі мүмкін. Даму ақаулары болуы мүмкін. Баланың өкпесінде, бүйрегінде, жүрегінде даму ақаулары болады. Ал енді біз органогенез дейміз, эмбриогенез. Эмбрион толық қалыптасып, ол ұрыққа айналады ғой. Ал одан кейінгі апталарда жұқпауы да мүмкін балаларға. Ол тек қана босанғаннан кейін барып белгілі болады. Құнарлы тамақтарды жеген дұрыс. Мысалы, жұмыртқа, ет, айран-сүт. Қымызды да ішуге болады. Бал, имбир жеу керек. Ал ең бір жақсы көмектесетіні - әйелдерге апельсин шырыны, оның құрамында С витамині көп болады. Сосын гранаттың шырынын ішкен жақсы.

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

 

Фото: sjdhospitalbarcelona.org


×