Короновирус инфекциясының алдын алу шаралары

Короновирус инфекциясының алдын алу шаралары

Қазіргі таңда Қазақстан короновирус инфекциясының екінші толқынына дайындық үстінде. Бүгінде еліміз компьютерлік томография жасайтын аппараттармен толық жабдықталды. Бұл туралы Ұлттық кардиохирургия орталығы  радиология бөлімінің меңгерушісі Тайырхан Даутов айтты.

Аталмыш аппарат короновирус инфекциясының бастапқы кезеңін анықтайтын бірден бір құрал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулығы бойынша, Қазақстанда 180 компьютерлік томография жасайтын аппарат болуы тиіс. Бүгінде елімізде 210 құрылғы бар. Олар тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда қолжетімді.

ТАЙЫРХАН ДАУТОВ, ҰЛТТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РАДИОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

– Компьютерлік томография дейді ғой. Бірінші толқын болған кезде жұрттың бәрі ажиотажға түсіп, тексеріліп еді. Біз алғашқы сатында рентген дейміз. Рентген оны көрсетпейді басталған кезінде. Компьтерлік томографиямен өту керек. Оның да түрлі жолдары бар. Әр адам өзінің тіркелген ауруханасынан оларға ГОБМП дейді. Тегін медициналық көмек сол арқылы ақысыз өтуге болады.

Сонымен қатар маман, азаматтарымызға қазір елдегі тұрақты жағдайға қарамастан сақтану ережелерін естен шығармау керектігін айтты.

 – «Ас адамның арқауы» дейді. Сол уақытта етті жеу керек. Жылқының еті адамға жылу береді, күш береді. Сосын витамин С бар лимон, цитрусовый тағамдар өте жақсы. Иммуномодюлятор адамның иммунный системасын қолдап, күшейтіп тұрады. Екіншісі, адамдар паникаға түспей, қорықпау керек. Адам қорыққанда қорғаныс құралы төмендеп кетеді. Иммунитеті төмендейді.

 

Фото: ru.sputnik.kz


×