106 мың 700-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

106 мың 700-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 202 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 106 716 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 449 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 113 309.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14644 (+19)

Алматы қаласы - 14802 (+25)

Шымкент қаласы - 5240

Ақмола облысы - 3805 (+28)

Ақтөбе облысы - 3330 (+5)

Алматы облысы - 5175 (+17)

Атырау облысы - 11309 (+7)

Шығыс Қазақстан облысы - 10521 (+226)

Жамбыл облысы - 4195 (+4)

Батыс Қазақстан облысы - 7050 (+13)

Қарағанды облысы - 10606 (+16)

Қостанай облысы - 3669 (+15)

Қызылорда облысы - 3262

Маңғыстау облысы - 3405

Павлодар облысы - 4341 (+40)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4537 (+34)

Түркістан облысы – 3418

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 17  адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 38 012, 404 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 836 жетті.

 

Фото: informburo.kz


×