Коронавирус жұқтырдың ең көп дерегі Шығыс Қазақстан облысында тіркелуде

Коронавирус жұқтырдың ең көп дерегі Шығыс Қазақстан облысында тіркелуде

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 442 жағдай тіркелді. Осылайша індетті  жұқтырғандардың жалпы  саны 112 860 жетті. Коронавирус инфекцияның таралуы әсіресе ШҚО асқынып барады. Аймақта бір күнде 245 адамда COVID-19 расталды.

 Аймақтар бойынша  эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:

Алматы қаласында - 14777(+21),

Нұр-Сұлтан қаласында -14625(+28),

Атырау облысында - 11302(+3),

Қарағанды облысында - 10590(+16),

Шығыс Қазақстан облысында - 10295 (+245),

Батыс Қазақстан облысында - 7037(+13),

Шымкент қаласында -5240(+0),

Алматы облысында - 5158(+2),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4503(+35),

Павлодар облысында - 4301(+30),

Жамбыл облысында - 4191(+3),

Ақмола облысында - 3777(+27),

Қостанай облысында - 3654(+13),

Түркістан облысында - 3418(+0),

Маңғыстау облысында - 3405(+2),

Ақтөбе облысында -3325(+4),

Қызылорда облысында -3262(+0).

Қатерлі індеттен жазылып шыққандар саны да артып келеді. Өткен тәулікте  114 адам коронавирус инфекциясынан жазылған.  Осы күнге  дейін барлығы 106 514 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.    

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша өткен тәулікте 41 жағдай  тіркелді. Оған қоса 32 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 38003, 402 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28819 жетті.

 

Фото: baigenews.kz


×