Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 110 мың 800-ден асты

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 148 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 110 832 жетті. Қатерлі вирусты жұқтырғандар қатарында Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы алдыңғы үштікте тұр.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:
Алматы қаласында - 14681(+9),
Нұр-Сұлтан қаласында -14477(+24),
Атырау облысында - 11266(+4),
Қарағанды облысында - 10522(+12),
Шығыс Қазақстан облысында - 9221 (+24),
Батыс Қазақстан облысында - 6983(+8),
Шымкент қаласында -5229(+3),
Алматы облысында - 5107(+13),
Солтүстік Қазақстан облысында - 4387(+12),
Жамбыл облысында - 4177(+2),
Павлодар облысында - 4184(+14),
Ақмола облысында - 3654(+8),
Қостанай облысында - 3601(+7),
Түркістан облысында - 3408(+0),
Маңғыстау облысында - 3391(+3),
Ақтөбе облысында -3291(+4),
Қызылорда облысында -3253(+1).
Сонымен қатар өткен тәулікте 117 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Осылайша COVID-19-дан емделіп, сауығып шыққандар саны 105 883 адамға жетті. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 114 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Фото: ria.ru