103 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Қазақстанда өткен тәулікте 98 адам коронавирус індетінен жазылып шықты. Ел бойынша қатерлі індеттен жазылғандар саны 103 465 болды. Сондай-ақ өткен тәулікте 66 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108 362.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 14145 (+11)
Алматы қаласы - 14409 (+6)
Шымкент қаласы - 5193 (+2)
Ақмола облысы - 3506 (+2)
Ақтөбе облысы - 3252
Алматы облысы - 4985 (+2)
Атырау облысы - 11112 (+6)
Шығыс Қазақстан облысы - 8849 (+14)
Жамбыл облысы - 4131 (+1)
Батыс Қазақстан облысы - 6872 (+2)
Қарағанды облысы - 10317 (+3)
Қостанай облысы - 3502 (+2)
Қызылорда облысы - 3245 (+1)
Маңғыстау облысы - 3343
Павлодар облысы - 3959 (+4)
Солтүстік Қазақстан облысы - 4160 (+8)
Түркістан облысы - 3382 (+2)
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 262 жағдайы тіркелді. Оған қоса 46 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 33 877, 361 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 563 жетті.
Фото: tengrinews.kz