102 мың 874 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 69 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 102 874 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 75 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 908.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 14097 (+16)
Алматы қаласы - 14386 (+5)
Шымкент қаласы - 5189
Ақмола облысы - 3487 (+1)
Ақтөбе облысы - 3246 (+2)
Алматы облысы - 4966 (+3)
Атырау облысы - 11086 (+5)
Шығыс Қазақстан облысы - 8735 (+22)
Жамбыл облысы - 4125
Батыс Қазақстан облысы - 6860 (+3)
Қарағанды облысы - 10268 (+5)
Қостанай облысы - 3488 (+2)
Қызылорда облысы - 3242
Маңғыстау облысы - 3340
Павлодар облысы - 3923 (+6)
Солтүстік Қазақстан облысы - 4096 (+5)
Түркістан облысы – 3374
Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 299 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 96 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 32 799, қайтыс болғандар – 353, ал жазылып шыққандардың саны 27 169 жетті.
Фото: nikvesti.com