Тағы 104 қазақстандық коронавирустан аман-есен жазылып шықты

Қазақстанда қауіпті инфекциядан арылып, қалыпты өмірге оралғандардың жалпы саны 104 адамға артып, 102 323-ке жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 79 COVID-19 науқас анықталды. Ауру жұқтыру жағдайларының көбі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – 21 адам. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (+16) және Атырау облысы (+5) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 529 адам.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 14045 (+16)
Алматы қаласы - 14359 (+3)
Шымкент қаласы - 5188 (+1)
Ақмола облысы - 3468 (+4)
Ақтөбе облысы - 3238
Алматы облысы - 4953 (+3)
Атырау облысы - 11064 (+8)
Шығыс Қазақстан облысы - 8626 (+21)
Жамбыл облысы - 4119
Батыс Қазақстан облысы - 6847 (+2)
Қарағанды облысы - 10240 (+5)
Қостанай облысы - 3472 (+2)
Қызылорда облысы - 3242 (+1)
Маңғыстау облысы - 3338
Павлодар облысы - 3893 (+3)
Солтүстік Қазақстан облысы - 4066 (+6)
Түркістан облысы - 3371 (+4)
Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 228 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 31 760, қайтыс болғандар – 346, ал жазылып шыққандардың саны 26 805 жетті.
Фото: kapital.kz