Қазақстанда тағы 155 адам коронавирустан жазылды

COVID-19 вирусынан емделіп шыққан қазақстандықтардың саны 102 219 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, соңғы тәулікте 155 адам коронавирустан сауығып шыққан. Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 76 жағдайы тіркелді. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 107 450-ге жетті. Ауру жұқтырғандар Шығыс Қазақстан облысында ең көп – 28 науқас. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 20 адамнан вирус анықталды. Шымкент қаласында, Жамбыл облысы, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген.
Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:
Алматы қаласында - 14356(+3),
Нұр-Сұлтан қаласында -14029(+20),
Атырау облысында - 11056(+5),
Қарағанды облысында - 10235(+4),
Шығыс Қазақстан облысында - 8605 (+28),
Батыс Қазақстан облысында - 6845(+2),
Шымкент қаласында -5187(+0),
Алматы облысында - 4950(+3),
Жамбыл облысында - 4119(+0),
Солтүстік Қазақстан облысында - 4060(+5),
Павлодар облысында - 3890(+0),
Қостанай облысында - 3470(+2),
Ақмола облысында - 3464(+2),
Түркістан облысында - 3367(+0),
Маңғыстау облысында - 3338(+0),
Қызылорда облысында -3241(+1),
Ақтөбе облысында -3238(+1).
Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 364 жағдайы тіркелді. 66 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31532, 345 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26805 жетті.