Қазақстанда тағы 155 адам коронавирустан емделіп шықты

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 індетінен 155 адам жазылып шықты. Қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандардың жалпы саны – 101 610 адам.
Сонымен қатар, 78 қазақстандыққа COVID-19 диагнозы қойылды. Бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 107 134 адамға жетті.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 13987 (+25)
Алматы қаласы - 14336 (+7)
Шымкент қаласы - 5183
Ақмола облысы - 3454 (+2)
Ақтөбе облысы - 3234 (+2)
Алматы облысы - 4946
Атырау облысы - 11033 (+3)
Шығыс Қазақстан облысы - 8483 (+20)
Жамбыл облысы - 4112 (+2)
Батыс Қазақстан облысы - 6833 (+3)
Қарағанды облысы - 10214 (+5)
Қостанай облысы - 3458 (+3)
Қызылорда облысы - 3236
Маңғыстау облысы - 3337
Павлодар облысы - 3886 (+2)
Солтүстік Қазақстан облысы - 4039 (+4)
Түркістан облысы – 3363
Коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша соңғы деректер: өткен тәулікте 242 адамнан пневмония анықталды, 2 өлім жағдайы тіркелді.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 30579, қайтыс болғандар - 337, ал жазылып шыққандар - 26533 адам.
Фото: elorda.info