100 627 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 12 адам коронавирустан емделді. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 100 627 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, соңғы 24 сағат ішінде ел аумағында 52 COVID-19 науқас анықталды. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында – 11 адамнан. Одан кейін Батыс Қазақстан облысы (+6) және Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында (+5) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 106 855. Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 13943 (+1)
Алматы қаласы - 14322
Шымкент қаласы - 5183
Ақмола облысы - 3444 (+3)
Ақтөбе облысы - 3230 (+2)
Алматы облысы - 4937 (+4)
Атырау облысы - 11006 (+11)
Шығыс Қазақстан облысы - 8405 (+11)
Жамбыл облысы - 4107
Батыс Қазақстан облысы - 6815 (+6)
Қарағанды облысы - 10193 (+5)
Қостанай облысы - 3449 (+3)
Қызылорда облысы - 3233
Маңғыстау облысы - 3337
Павлодар облысы - 3877 (+1)
Солтүстік Қазақстан облысы - 4018 (+5)
Түркістан облысы - 3356
Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 77 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 29 658, қайтыс болғандар - 328. Ал жазылып шыққандардың саны 6 853 жетті.
Фото: pricom.kz