Алексей Цой: Қазақстан коронавирустың екінші толқынына қарсы қамданып жатыр

Алексей Цой: Қазақстан коронавирустың екінші толқынына қарсы қамданып жатыр

Қазақстанның Денсаулық министрлігі коронавирус инфекциясының екінші толқыны қайта айналып соғатынын жоққа шығармайды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  қазір екінші толқынға дайындық жүріп жатқанын хабарлады. Шамамен ол қараша мен желтоқсан айларына болжанып отыр.

«Қазіргі уақытта болжам жасаумен айналысып жатырмыз. Ең нақты болжам екі апталық кезеңге жасалады. Күн сайын қолымызға түсіп отырған көрсеткіштер ауытқып тұрады. Толықтай алғанда, қазірі уақытта бұл болжамдар маска тағатын, яғни әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтайтын адамдардың жалпы пайызына байланысты. Дәл осыған ауруға шалдығу болжамы тікелей байланысты. Ауруға шалдығуға қатысты болжам жасау үшін қазіргі уақытта азаматтардың қарым-қатынасты қаншалықты қысқартқандығын білуіміз қажет», - деді Алексей Цой.

Оның атап өтуінше, індеттің таралуына күнделікті мониторинг жүргізіліп,болжам жасалып отырады Ал жаңа науқастар үшін 71 126 төсек-орын әзірленген.

«Төсек орынның 15% бос емес, себебі коронавирус немесе коронавирустық пневмониямен ауырғандармен жатыр. Біз жалпы саны 13 модульды стационар салуды жоспарладық. Екеуі қазір қайта жабдықтау кезеңінде. Ал емханаларда 3640 мобильды бригада ұйымдастырылады. 5098 өкпені жасанды желдету аппарататы алынады. 21566 төсекке оттегі қосылады», - деп, атап өтті министр.

 

Фото: aqmolanews.kz


×