Қазақстанда өткен тәулікте 206 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша коронавирусты жеңіп шыққандар саны -100 248-ге жетті. Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 86 жағдай тіркелді. Осылайша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 584 жетті.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей;
Алматы қаласында - 14299(+11),
Нұр-Сұлтан қаласында -13924(+13),
Атырау облысында - 10975(+8),
Қарағанды облысында - 10167(+8),
Шығыс Қазақстан облысында - 8344 (+17),
Батыс Қазақстан облысында - 6797(+2),
Шымкент қаласында -5182(+0),
Алматы облысында - 4915(+5),
Жамбыл облысында - 4104(+2),
Солтүстік Қазақстан облысында - 4000(+5),
Павлодар облысында - 3866(+3),
Қостанай облысында - 3440(+2),
Ақмола облысында - 3432(+4),
Түркістан облысында - 3348(+4),
Маңғыстау облысында - 3336(+2),
Қызылорда облысында -3231(+0),
Ақтөбе облысында -3224(+0).
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 347 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 57 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 28 575, 317 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны – 6 605.
Фото: today.kz