Тағы 585 қазақстандық коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда бір тәулік ішінде 585 адамның коронавирус инфекциясынан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, республика бойынша жазылғандар саны – 93 990 адам.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, өткен тәулікте COVID-19 вирусы 173 адамнан анықталған. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 75 тасымалдаушы тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 105075 адам.
Ел аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 13763 (+16)
Алматы қаласы - 14129 (+21)
Шымкент қаласы - 5169 (+2)
Ақмола облысы - 3350 (+7)
Ақтөбе облысы - 3207 (+4)
Алматы облысы - 4883 (+4)
Атырау облысы - 10862 (+17)
Шығыс Қазақстан облысы - 8064 (+27)
Жамбыл облысы - 4066 (+3)
Батыс Қазақстан облысы - 6712 (+11)
Қарағанды облысы - 9997 (+19)
Қостанай облысы - 3365 (+9)
Қызылорда облысы - 3229 (+1)
Маңғыстау облысы - 3327 (+5)
Павлодар облысы - 3797 (+6)
Солтүстік Қазақстан облысы - 3883 (+11)
Түркістан облысы - 3272 (+10)
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония 781 адамда анықталды. Осы диагнозы бар 351 адам емделіп шықса, 7 науқас көз жұмды.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 23 543. Сонымен қатар, 268 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны - 4 901.
Фото: forpost-sz.ru