Қазақстанда бір тәулікте 980 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 980 COVID-19 науқасы тіркелді. Оның ішінде 502 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде анықталып отыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында - елордада өткен тәулікте 186 COVID-19 науқасы тіркелді. Екінші орында – Алматы қаласы – 175 науқас. Одан кейінгі Шығыс Қазақстан облысында бір күн ішінде қауіпті инфекция 92 адамнан анықталды. Республика бойынша COVID-19 науқастарының жалпы саны – 96 922.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 12530 (+186)
Алматы қаласы - 12995 (+175)
Шымкент қаласы - 5070 (+26)
Ақмола облысы - 2928 (+31)
Ақтөбе облысы - 3085 (+2)
Алматы облысы - 4623 (+46)
Атырау облысы - 10511 (+44)
Шығыс Қазақстан облысы - 7045 (+92)
Жамбыл облысы - 3804 (+40)
Батыс Қазақстан облысы - 6160 (+58)
Қарағанды облысы - 9160 (+85)
Қостанай облысы - 2988 (+35)
Қызылорда облысы - 3143 (+33)
Маңғыстау облысы - 3063 (+33)
Павлодар облысы - 3469 (+22)
Солтүстік Қазақстан облысы - 3419 (+45)
Түркістан облысы - 2929 (+27)
Қауіпті инфекциядан сауыққандар қатары артып, 70 680. Өткен 24 сағат ішінде 1 809 қазақстандық коронавирустан айығып шыққан.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша мәліметтерді де ұсынды. Өткен тәулікте 1424 науқас анықталып, 18 өлім жағдайы тіркелді.
1 тамыздан бері тіркелген пневмониямен ауыру жағдайларының жалпы саны 11008-ге жетті, 120 науқас қайтыс болды.
Фото: vogazeta.ru