Қазақстанда бір тәулікте 1 158 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 1 158 COVID-19 науқасы тіркелді. Оның ішінде 555 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде анықталып отыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында - елордада өткен тәулікте 220 COVID-19 науқасы тіркелді. Екінші орында – Алматы қаласы – 178 науқас. Одан кейінгі Шығыс Қазақстан облысында бір күн ішінде қауіпті инфекция 124 адамнан анықталды. Республика бойынша COVID-19 науқастарының жалпы саны – 93 820.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 11924 (+220)
Алматы қаласы - 12464 (+178)
Шымкент қаласы - 5011 (+31)
Ақмола облысы - 2813 (+56)
Ақтөбе облысы - 3061 (+5)
Алматы облысы - 4491 (+52)
Атырау облысы - 10383 (+35)
Шығыс Қазақстан облысы - 6734 (+124)
Жамбыл облысы - 3683 (+47)
Батыс Қазақстан облысы - 5990 (+61)
Қарағанды облысы - 8896 (+90)
Қостанай облысы - 2853 (+57)
Қызылорда облысы - 3068 (+42)
Маңғыстау облысы - 2965 (+25)
Павлодар облысы - 3359 (+67)
Солтүстік Қазақстан облысы - 3273 (+51)
Түркістан облысы - 2852 (+17)
Қауіпті инфекциядан сауыққандар қатары артып, 65 132-ге жетті. Өткен 24 сағат ішінде 2 621 қазақстандық коронавирустан айығып шыққан.
Фото: delo.ua