Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 77 мыңға жуықтап қалды

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1646 жағдай тіркелді. Оның ішінде 778 науқастың ауру белгілері жоқ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметі бойынша республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 76 799- ға жетті.
Аймақтардағы ахуал төмендегідей:
Алматы қаласында - 9851(+216),
Атырау облысында - 9530 (+138),
Нұр-Сұлтан қаласында -9068(+236),
Қарағанды облысында - 7541(+140),
Батыс Қазақстан облысында - 5031 (+99),
Шығыс Қазақстан облысында - 4698(+210),
Шымкент қаласында - 4554(+36),
Алматы облысында - 3802 (+69),
Жамбыл облысында - 3047 (+48),
Ақтөбе облысында - 2842 (+39),
Павлодар облысында - 2583 (+68),
Қызылорда облысында -2541 (+77),
Түркістан облысында - 2532 (+19),
Солтүстік Қазақстан облысында - 2451 (+99),
Маңғыстау облысында - 2444 (+47),
Ақмола облысында - 2161 (+53),
Қостанай облысында - 2123 (+52)
Өткен тәулікте 1430 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Осылайша COVID-19-дан емделіп, сауығып шыққандар саны 48 220 -ге жетті.
Фото: zakon.kz