Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандар саны 38 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 2097 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Пандемия басталғалы дәрігерлер ауру құрсауынан аман алып қалған қазақстандықтардың жалпы саны 38 008-ге жетті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елімізде өткен тәулікте 1759 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 844 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар.
Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан (+250) және Алматы (+229) қалаларында және Ақтөбе (+196) және Атырау (+179) облыстарында тіркелген. Республика бойынша COVID-19 науқастарының саны – 63 514 адам.
Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 7149 (+250)
Алматы қаласы - 8040 (+229)
Шымкент қаласы - 4175 (+28)
Ақмола облысы - 1769 (+42)
Ақтөбе облысы - 2545 (+196)
Алматы облысы - 3291 (+82)
Атырау облысы - 8297 (+179)
Шығыс Қазақстан облысы - 3376 (+139)
Жамбыл облысы - 2346 (+79)
Батыс Қазақстан облысы - 4226 (+98)
Қарағанды облысы - 6444 (+98)
Қостанай облысы - 1696 (+45)
Қызылорда облысы - 1899 (+53)
Маңғыстау облысы - 2111 (+38)
Павлодар облысы - 1964 (+88)
Солтүстік Қазақстан облысы - 1845 (+75)
Түркістан облысы - 2341 (+40)
Фото: pricom.kz