Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 41 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мен симптомсыз науқастар деп енді бөлінбейді.
Өткен тәулікте 1604 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Батыс Қазақстан облысында (+149), Алматы қаласында (+113) және Нұр-Сұлтан (+110) қаласында тіркелген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Осылайша, республика бойынша COVID-19 науқастарының саны 41 055-ке жетті.
Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 5442(+110)
Алматы қаласы – 5501(+113)
Шымкент қаласы – 3151(+69)
Ақмола облысы – 1246(+92)
Ақтөбе облысы – 1511(+37)
Алматы облысы – 2096(+98)
Атырау облысы – 4133(+229)
Шығыс Қазақстан облысы – 1517(+98)
Жамбыл облысы – 1423(+48)
Батыс Қазақстан облысы – 2773(+149)
Қарағанды облысы – 4829(+191)
Қостанай облысы – 934(+32)
Қызылорда облысы – 1212(+45)
Маңғыстау облысы – 1134(+71)
Павлодар облысы – 1139(+89)
Солтүстік Қазақстан облысы – 1295(+81)
Түркістан облысы – 1719(+52)
550 пациент коронавирустан жазылды, нәтижесінде қауіпті инфекциядан аман-есен айығып шыққандар қатары 13 558-ге жетті.
Фото: coronavirus2020.kz