Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 18 765 болды

Қазақстанда өткен тәулікте 7 адам коронавирустан көз жұмды. Оның үшеуі Ақмола облысынан, қалғаны Алматыдан.
Соңғы 24 сағат ішінде 534 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өсім 2,9% құрады. Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан (+77), Атырау облысында (+65) және Шымкент (+47), қаласында тіркелген деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Осылайша, республика бойынша COVID-19 науқастарының саны 18 765-ке жетті.
Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 3484(+77)
Алматы қаласы – 3470(+41)
Қарағанды облысы – 1993(+43)
Атырау облысы – 1540(+65)
Шымкент қаласы – 1404(+47)
Батыс Қазақстан облысы – 1221(+35)
Ақтөбе облысы – 671(+18)
Түркістан облысы – 653(+34)
Жамбыл облысы – 626(+10)
Алматы облысы – 620(+23)
Қызылорда облысы – 584(+12)
Павлодар облысы – 535(+14)
Шығыс Қазақстан облысы – 507(+47)
Маңғыстау облысы – 449(+13)
Қостанай облысы – 369(+11)
Ақмола облысы – 368(+19)
Солтүстік Қазақстан облысы – 271(+25)
Сондай-ақ жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1096 тасымалдаушы тіркелді. Бүгінге дейін Қазақстанда симптомсыз коронавирус 11 721 адамнан анықталып отыр.
11 514 қазақстандық жазылып шықса, 134 пациент қайтыс болған.
Фото:elorda.info