Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 17 732-ге жетті

Қазақстанда өткен тәулікте 507 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өсім 2,9% құрады. Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан (+103) қаласында және Қарағанды облысында (+58) тіркелген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Осылайша, республика бойынша COVID-19 науқастарының саны 17 732-ге жетті.
Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 3348(+103)
Алматы қаласы – 3390(+32)
Шымкент қаласы – 1296(+19)
Ақмола облысы – 328(+22)
Ақтөбе облысы – 628(+18)
Алматы облысы – 583(+10)
Атырау облысы – 1440(+38)
Шығыс Қазақстан облысы – 429(+34)
Жамбыл облысы – 600(+9)
Батыс Қазақстан облысы – 1157(+32)
Қарағанды облысы – 1897(+58)
Қостанай облысы – 325(+33)
Қызылорда облысы – 555(+7)
Маңғыстау облысы – 434(+15)
Павлодар облысы – 500(+31)
Солтүстік Қазақстан облысы – 225(+27)
Түркістан облысы – 597(+19)
Сондай-ақ жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 964 тасымалдаушы тіркелді. Бүгінге дейін Қазақстанда симптомсыз коронавирус 9809 адамнан анықталып отыр.
10 897 қазақстандық жазылып шықса, 120 пациент қайтыс болған.
Фото: tengrinews.kz