Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 15877-ге жетті

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 9 науқас қайтыс болды: елорда, Алматы және Шымкент ауруханаларында жатқан пациенттер көз жұмған.
Жалпы, соңғы 24 сағат ішінде 335 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өсім 2,2% құрады. Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан (+59) қаласында, Қарағанды облысы (+37) және Алматыда (+35), деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Осылайша, республика бойынша COVID-19 науқастарының саны 15877-ге жетті.
Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 3010(+59)
Алматы қаласы – 3217(+35)
Шымкент қаласы – 1185(+18)
Ақмола облысы – 242(+15)
Ақтөбе облысы – 561(+15)
Алматы облысы – 545(+11)
Атырау облысы – 1362(+21)
Шығыс Қазақстан облысы – 298(+21)
Жамбыл облысы – 524(+15)
Батыс Қазақстан облысы – 1041(+29)
Қарағанды облысы – 1661(+37)
Қостанай облысы – 247(+6)
Қызылорда облысы – 522(+8)
Маңғыстау облысы – 404(+3)
Павлодар облысы – 437(+13)
Солтүстік Қазақстан облысы – 134(+9)
Түркістан облысы – 487(+20)
Сондай-ақ, жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 656 тасымалдаушы тіркелді. Бүгінге дейін Қазақстанда симптомсыз коронавирус 6831 адамнан анықталып отыр.
9902 қазақстандық жазылып шықса, 97 пациент қайтыс болған.
Фото: 24.kz