Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 15542-ге жетті

Елімізде өткен тәулікте 350 адамнан коронавирус анықталды. Өсім 2,3% құрады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Ауру жұқтырғандардың көбі Нұр-Сұлтан (+87) қаласының, Қарағанды (+52) және Павлодар (+41) облыстарының тұрғындары болып отыр. Жалпы, республикада коронавирус инфекциясына шалдығу бойынша расталған жағдайлар саны 15542-ге жетті.
Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 2951(+87)
Алматы қаласы – 3182(+35)
Шымкент қаласы – 1167(+9)
Ақмола облысы – 227(+22)
Ақтөбе облысы – 546(+8)
Алматы облысы – 534(+7)
Атырау облысы – 1341(+17)
Шығыс Қазақстан облысы – 277(+12)
Жамбыл облысы – 509(+9)
Батыс Қазақстан облысы – 1012(+21)
Қарағанды облысы – 1624(+52)
Қостанай облысы – 241(+8)
Қызылорда облысы – 514(+7)
Маңғыстау облысы – 401(+4)
Павлодар облысы – 424(+41)
Солтүстік Қазақстан облысы – 125(+8)
Түркістан облысы – 467(+3)
Сонымен қатар ортақ статистикаға қосылмаған коронавирус белгілері жоқ 683 науқас анықталып, симптомсыз тасымалдаушылардың жалпы саны 6175 адамды құрады. Ауру белгілері жоқ науқастардың басым бөлігі Түркістан (+116), Қарағанды (+97) және Атырау (+92) облыстарында анықталған.
Инфекция елімізде алғаш тіркелгелі бері отандық дәрігерлер 9647 науқасты емдеп шығарды. Өкінішке орай, 88 адам коронавирустан қайтыс болды.
Фото: kstnews.kz