Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 14 мың 800-ден асты

Қазақстанда өткен тәулікте 4 адам коронавирустан көз жұмды. Пациенттің екеуі Ақмола облысынан және біреуі Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласынан. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны – 77-ге жетті.
Сондай-ақ, соңғы 24 сағат ішінде инфекция жұқтырған 313 адам анықталды. Өсім 2,2% құрады. Инфекция жұқтыру жағдайларының көбі Нұр-Сұлтанда (+77), Қарағанды облысында (+47) және Алматы қаласында (+31) тіркелген. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Республика бойынша COVID-19 диагнозы қойылған науқастар саны – 14809.
Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Алматы қаласы – 3113(+31)
Нұр-Сұлтан қаласы – 2760(+77)
Қарағанды облысы – 1522(+47)
Атырау облысы – 1310(+23)
Шымкент қаласы – 1133(+26)
Батыс Қазақстан облысы – 967(+30)
Ақтөбе облысы – 528(+12)
Алматы облысы – 515(+8)
Қызылорда облысы – 500(+7)
Жамбыл облысы – 491(+8)
Түркістан облысы – 454(+11)
Маңғыстау облысы – 379(+1)
Павлодар облысы – 349(+3)
Шығыс Қазақстан облысы – 262(+10)
Қостанай облысы – 220(+2)
Ақмола облысы – 195(+2)
Солтүстік Қазақстан облысы – 111(+15)
Жазылып шыққандар – 9188.
14 маусымдағы жағдай бойынша, жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 490 тасымалдаушы тіркелді. Осылайша, олардың жалпы саны – 4892 адам.
Фото: footboom.com