Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 13 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 3 адам коронавирустан көз жұмды. Пациенттің екеуі Түркістан облысынан және біреуі Павлодар облысынан. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны – 61-ге жетті.
Сондай-ақ, соңғы 24 сағат ішінде инфекция жұқтырған 245 адам анықталды. Өсім 1,9% құрады. Инфекция жұқтыру жағдайларының көбі Нұр-Сұлтанда (+50), Қарағанды облысында (+35) және Ақтөбе облысында (+26) тіркелген. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Республика бойынша COVID-19 диагнозы қойылған науқастар саны – 13 319.
Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Алматы қаласы – 2939(+35)
Нұр-Сұлтан қаласы – 2543(+23)
Қарағанды облысы – 1238(+50)
Атырау облысы – 1227(+5)
Шымкент қаласы – 992(+14)
Батыс Қазақстан облысы – 863(+18)
Қызылорда облысы – 470(+5)
Жамбыл облысы – 457(+16)
Алматы облысы – 457(+11)
Ақтөбе облысы – 427(+26)
Түркістан облысы – 411(+8)
Маңғыстау облысы – 343(+12)
Павлодар облысы – 286(+2)
Қостанай облысы – 208(+3)
Шығыс Қазақстан облысы – 204(+5)
Ақмола облысы – 182(+5)
Солтүстік Қазақстан облысы – 72(+7)
Жазылып шыққандар – 8015.
9 маусымдағы жағдай бойынша, жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 440 тасымалдаушы тіркелді. Осылайша, олардың жалпы саны – 2136 адам.
Фото: m24.ru