Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 13 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте екі адам коронавирустан көз жұмды. Пациенттің екеуі де Павлодар облысынан.
Сондай-ақ, соңғы 24 сағат ішінде инфекция жұқтырған 215 адам анықталды. Өсім 1,7% құрады. Инфекция жұқтыру жағдайларының көбі Нұр-Сұлтанда (+42), Қарағанды облысында (+41) және БҚО-да (+27) тіркелген. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Республика бойынша COVID-19 диагнозы қойылған науқастар саны - 13074.
Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 2520(+42)
Алматы қаласы – 2904(+22)
Шымкент қаласы – 978(+22)
Ақмола облысы – 177(+1)
Ақтөбе облысы – 401
Алматы облысы – 446(+5)
Атырау облысы – 1222(+9)
Шығыс Қазақстан облысы – 199(+9)
Жамбыл облысы – 441(+11)
Батыс Қазақстан облысы – 845(+27)
Қарағанды облысы – 1188(+41)
Қостанай облысы – 205(+3)
Қызылорда облысы – 465
Маңғыстау облысы – 331(+3)
Павлодар облысы – 284(+16)
Солтүстік Қазақстан облысы – 65(+1)
Түркістан облысы – 403(+3)
Жазылып шыққандар – 7737, қайтыс болғандар – 58 адам.
8 маусымдағы жағдай бойынша, жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 339 тасымалдаушы тіркелді. Осылайша, олардың жалпы саны – 1696 адам.
Фото: tengrinews.kz